СҚО-да 547 мың га жайылым қажет

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

СҚО-да 1 млн гектар жер пайдаланылмай жатыр. Олардың негізгі бөлігі жайылымға жатса, тек 234 мың га егістік жерлер. Бұл туралы «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ жүргізген ғарыштық мониторинг деректері негізінде анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Облыстық прокуратура органдарымен және жер ресурстарын басқару департаменттерімен бірлесіп бізде пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Олардың жалпы ауданы ағымдағы жылы шамамен 250 мың га құрады. Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтару жөніндегі тиісті жоспарларды дайындады. Бүгінгі таңда біздің аумағымыз бойынша 300 мың га немесе 88% — ы орындалды, — деді СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Облыс халқына мал жаю үшін жерлер өте қажет. Бүгінгі таңда өңірдегі жайылымдардың қажеттілігі 547 мың га құрайды.

— Жалпы ауданы 17,9 мың га жерді қайтару бойынша 71 талап арыз бердік. Бүгінде шамамен 11 мың га қайтарылды. Қайтарылған 114,4 мың га жерлер елді мекендердің аумақтарына беріледі. Ауылдық округтердің әкімдіктері ауыл шаруашылығы өндірушілерімен олардың жерлерін жаю және шөп шабу үшін пайдалану жөнінде меморандумдар жасасуда, — деп атап өтті СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Жасалған осындай келісімдердің 267-сі солтүстікқазақстандықтар үшін 476 мың га жайылымдық жерді босатуға көмектесті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz