2021 жылы Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 665 ардагері бар еді. Биылғы жылдың 1 наурызында 395 майдангер ғана қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ардагерлердің басым бөлігі Алматыда тұрады. Оңтүстік астанада -77, ШҚО — да – 49, Алматы облысында – 38, Қостанай облысында – 36, СҚО — да — 16 ардагер бар. Басқа өңірлерде де олардың қатары сиреп қалған.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстанда 9 мамыр мен Отан қорғаушылар күніне орай әскери шеру өткізілмейді. Бірақ ардагерлерге міндетті түрде құрмет көрсетіледі.
Фото: ашық дереккөздерден