Бүгін Северная, 1Б мекенжайында қураған қамыс өртеніп, айыппұл тұрағындағы 5 жеңіл көлікті зақымдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сағат күндізгі 16-30 кезінде шыққан.
Қатты жел мен өртеніп жатқан аумаққа жолдың болмауы жұмысты қиындатты.
— Жақын маңдағы мамандандырылған айыппұл тұрағына ауысқан өртті сөндіру қиынға соқты. Бұл нысан Петропавл қалалық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарайды. Тұрақтағы 5 көлік өртеніп кетті. Жалын шамамен 3 га аумақты шарпыды, — делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің 35 қызметкері және 6 техника, жергілікті атқарушы органдардың 8 қызметкері , 2 бірлік техника жұмылдырылды.
Фото: ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігінен