Бүгін, 15 сәуір, Қазақстанда ғашықтар күні тойлануда. Бұл күн XIII–XIV ғасырлардағы Қазақ эпосы – Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу поэмасының кейіпкерлеріне арналған, олардың ғажайып махаббат тарихы ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қозы-Көрпеш пен Баян Сұлу адалдық пен шексіз махаббаттың үлгісі ретінде Қазақстандағы ғашықтар күнінің символына айналды.
Қазақстанда ғашықтардың мерекесі 2011 жылы пайда болды. Елімізде халықаралық ақпан мерекесіне балама ретінде 15 сәуірде Қозы – Көрпеш пен Баян – Сұлуға арналған өз датасы ұсынылған болатын. Сол уақыттан бері қолдау тауып, жыл сайын аталып өтеді.