Облыстағы экологиялық проблемалар қалай шешіліп жатыр

Авторы: Qyzyljar News

Экология департаментінің мамандары қоғам белсенділерімен кездесуі барысында 2020-2025 жылдарға арналған өңірдегі экологиялық проблемаларды жою бойынша жасалған Жол картасын іске асыру барысы талқыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жол картасы 7 негізгі бағыттан тұрады. Олардың біріншісі -ауаны ластаушы заттардың шығарылуын азайту. «Севказэнерго» АҚ –ның мәліметінше, 8 қазандық агрегаты жөнделді. Соның нәтижесінде, эмиссиялардың нақты төмендеуі 462,3 тоннаны құрады. Биыл тағы 3 қазандықты жаңарту жоспарланған. Өңірде 2 жыл ішінде демеушілік қаражат есебінен биоотын жағылатын 26 қазандық орнатылды. Биыл тағы 24 қазандық орнату көзделген.

Екінші бағыт — өңірді көгалдандыруды жалғастыру. 2020 жылдан бастап 1631 гектар жерге көшет отырғызылды. Биыл бұл көрсеткішті 1700 гектарға ұлғайту жоспарланып отыр. Петропавл қаласында былтыр 115 мыңға жуық ағаш отырғызылса, биыл тағы 100 мың көшет егілмек.

Жобаның үшінші бағыты тұрмыстық қалдықтарға арналған. Аудан орталықтары мен ірі елді мекендерде қоқыстарды сұрыптау желілері бар 9 полигон салу үшін құжаттама әзірленді. Екі аудан орталығында қалдықтарды бөлек жинауға арналған 34 контейнер орнатылды. 2 аудандағы жеке кәсіпкерлер тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаумен айналысады. Құрамында сынабы бар шамдарды жинау үшін облыс аудандарында 49 контейнер орнатылды.

Төртінші бағыт-су ресурстарын реттеу. Мамыр айында Ғабит Мүсірепов ауданының Новоишим ауылында кәріз желілері мен тазарту құрылғыларының құрылысы аяқталады.
Қоршаған ортаға зиян келтірмей су бұруды қамтамасыз ету үшін жаңғырту және күрделі жөндеу жоспарлы түрде жүргізілуде. «Қызылжар су» серіктестігі өз күшімен аула желілері мен көше коллекторларын ауыстырып отырады. 2022 жылы Абай, Ульянов, Гоголь көшелеріндегі қаланың бас коллекторларын ауыстыру жобасын іске асыру жоспарлануда.

Бесінші бағыт — радиоактивті ластану. Қазіргі уақытта Ғабит Мүсірепов және Айыртау аудандарының әкімдіктері уран кеніштерін коммуналдық меншікке қабылдап, ауылдық округтердің балансына бекітілді.

Алтыншы бағыт-пайдалы қазбалар өндірісі. 2 жыл ішінде пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің 15 фактісі анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты жалпы сомасы 4,9 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. 8 млн теңгеден астам сомаға қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу бойынша шағым-талап материалдары жолданды.

Жетінші бағыт-қоршаған ортаның жағдайына мониторинг жүргізу. Петропавл қаласы бойынша атмосфералық ауаның жай-күйі туралы ақпаратты «Digital Urpaq» оқушылар сарайының LED-экранында нақты уақыт режимінде тұрақты трансляциялау жүргізіледі.

Экология департаментінің мамандары Жол картасын іске асыру тұрақты бақылауда екенін әрі жоспарланған іс-шаралар жалғасатын табатынын айтты.

Pexels иллюстрациялық фотосы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz