Құмар Ақсақалов «СЕВКАЗЭНЕРГО» басшылығымен бірге Теміртаудағы «Казэнергомаш» корпорациясы » ЖШС-да болып қайтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Зауыт біздің жылу электр орталығындағы қазандықтар үшін қажетті бөлшектерді шығарудв қолға алды. Кәсіпорын басшылығымен кездесу өткізіп, жұмыс кестесі мен сапасына қатысты мәселелерді талқыладық. Мамандармен бірге зауыттағы технологиялық процестерді тексердік, жаңа техникалық шешімдерді таптық, — деді өңір басшысы.
Зауыт тек біздің станцияның тапсырысын орындаумен айналысады. Сонымен қатар, қазандық бөлшектерін жасау үшін Петропавл ауыр машина жасау зауытын пайдалану мүмкіндіктері де қарастырылуда.
-Қабылданып жатқан шаралар станция жабдықтарын уақытылы жөндеп, келесі жылыту маусымына дайындауға мүмкіндік береді,- деп жазды Құмар Ақсақалов.