СҚО әкімі Құмар Ақсақалов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО әкімі Құмар Ақсақалов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңір басшысы 3 жыл ішінде облыста сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 104-тен 90-ға дейін төмендегенін атап өтті. Бұған мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру септігін тигізген. Қазіргі күні облыста цифрландыру деңгейі 93% — ға жетіп отыр.
— Облыс тұрғындары үшін мемлекеттік қызмет көрсету бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдеді. Бүгінде 900-ден астам өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істеп тұр. Жер қатынастары, құрылыс және қала құрылысы саласында қызмет көрсетудің айқындығы, мерзімдерін қысқарту үшін өңірлік геоақпараттық жүйе әзірленді. 1071 тексерудің нәтижесі бойынша 333 мың гектар алқапты иелену бойынша 609 заң бұзушылық анықталды. 52 жер учаскесі сот тәртібімен қайтарылды, — деді Құмар Ақсақалов.
«Көлеңкелі экономикамен» күресу үшін былтырғы қыркүйектен бастап Петропавлдағы 200 автобусқа электрондық төлем жүйесі енгізілді. Республикада бірінші болып «Ашық әкімдік»жобасы іске асырылды. Сондай-ақ, жалпыға қолжетімді «ашық бюджеттердің интерактивті картасы» белсенді жүргізілуде-қазірдің өзінде 1,1 триллион теңгеге 5,3 мыңнан астам бюджет жарияланды.
Фото: СҚО бойынша «AMANAT» партиясы филиалының Facebook парақшасынан