Петропавлда «Балалар жылының» ашылуына орай салтанатты шара өтті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл қаласындағы оқушылар сарайында облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметовтің қатысуымен Балалар жылының ашылу салтанаты өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, ұстаздар мен оқушылар қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ғани Нығыметов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен биылғы жыл Балалар жылы болып белгіленгенін айтып, кішкентайларға арналып көптеген шаралар өтетінін айтты.

– Дана халқымызда «Ана – үйдің берекесі, бала – үйдің мерекесі» деген сөз бар. Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі болса, мемлекет пен қоғамның да басты мақсаты – елге ие болатын білімді ұрпақ тәрбиелеу. Біз – білімге құштар, жақсылыққа ұмтылған халықтың ұрпағымыз. Өз Отанын жүрегімен сүйіп, қастерлей білетін азамат тәрбиелеу – келешегіміздің кемел болуының кепілі, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Балалар жылының ашылуына арналған салтанатты шара өңіріміздің өнерлі өрендерінің концертіне ұласты.

Фото Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz