Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов жергілікті волейболшылар мен баскетболшыларды жаңа жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Біздің «Есіл-СК» волейбол клубы өз тарихында алғаш рет волейболдан Ұлттық лиганың күміс жүлдесін иеленді. «Қуаныш» қыздар волейбол клубы Ұлттық лигада үшінші орынды иеленді. Айта кету керек, қыздарымыз алғаш рет клубтар арасындағы Азия біріншілігіне қатысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, «Барс» баскетбол клубы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды. Барлық спортшыларымызды жетістіктерімен құттықтаймын!,-деп жазды өңір жетекшісі өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында.
Фото: ашық дереккөздерден