Қазақстанда оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізілуде

Авторы: Qyzyljar News

Бүгін Қазақстанның 1447 мектебінде оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталды. Оған 4 пен 9-сынып оқушыларының арасынан 112 мыңнан астам оқушы қатысады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мектептерге мониторинг жүргізу заңға былтыр енгізіліп, Қазақстанда биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Тестілеу мектеп базасында өтеді, оқушылардың математика, жаратылыстану пәндерін игеруі және оқу сауаты бағаланады. Мониторинг арнайы дайындықты талап етпейді. Тест сұрақтары оқу бағдарламалары бойынша әзірленген және оқушылардың функционалдық сауатын анықтауға бағытталған.

Аталған мониторингтың мақсаты — оқушылардың мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, балалардың біліміндегі олқылықтарды жою.

Мониторинг қорытындысы бойынша мектептер үшін жеке тақырыптар мен балаларға қиындық туғызған материалдар талқыланады. Бұл шара 29-ыншы сәуірге дейін жүргізіледі.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz