Солтүстік Қазақстан облысындағы Бугровое көлінде балық қырылды. Қазіргі кезде мамандар себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде балық қырылған көлдің суреті тарап кетті. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, көл балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорында орналасқан. Көлдің аумағы — 69 га, тереңдігі — шамамен 1,5 м. Көлде негізінен мөңке балығы мекендейді.
-Алдын ала болжам бойынша балық оттегінің жетіспеуінен қырылып қалған. Оқиға орнына мүдделі мемлекеттік органдардың мамандары жетті. Комиссия шығынды есептеп, су мен балықтардан сынама алыпсебебін анықтайды, — деп хабарлады басқарма өкілдері.