Петропавлдағы NIS оқушысы әлемдегі беделді университеттердің біріне оқуға түсті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Аружан Аманжол Қытайдағы The University of Hong Kong университетінен шақырту алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оқу ордасының білім беру кеңесі Гонконг университетінің жаһандық оқыту бағдарламасына қатысу үшін лайықты студент ретінде Аружанды таңдаған.

Аружан Аманжол үздік оқу үлгерімі мен сабақтан тыс түрлі жетістіктерінің арқасында озық университетке түсу мүмкіндігіне ие болды.12-сынып оқушысы сәулет және ландшафттану мамандығы бойынша оқитын болады. Грант 4 жыл бойғы оқу ақысы мен тұру шығындарын қарастырады.

– Мұндай деңгейдегі университетке грантқа түскеніме әлі де сене алар емеспін. Қазіргі уақытта мен тағы бір университеттің (Британдық Колумбия университеті – Канада) нәтижесін күтіп жүрмін, егер ол жерге оқуға түссем, екі ұсынысты да қарастырамын. Сәуірдің соңына дейін барлық университеттің жауабы келеді деп үміттенемін. Жалпы айтқанда, әрине, осындай беделді оқу орнында оқуға мүмкіндік алғаныма өте қуаныштымын, – дейді 12 сынып оқушысы Аружан Аманжол.

The University of Hong Kong университеті халықаралық QS рейтингі бойынша Гонконгта бірінші және әлемде 22-ші орында келеді. Жоғары білім ордасының көптеген пәндік бағдарламалары жаһандық 25-тікке енген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz