419
Солтүстік Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының 15 ардагері тұрады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов жергілікті атқарушы орган Ұлы Отан соғысының әр ардагеріне 500 мың теңгеден беретінін мәлімдеді.
Бүгінгі таңда өңірде 15 майдангер тұрады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 387 қатысушысы мен мүгедегі бар.