Петропавлда спорт сарайы салынады

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда 33 мың шаршы метрды құрайтын спорт сарайы салынады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Нысанды салу үшін ауданы 8,3 гектар учаске қажет. Бүгінгі таңда жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өту сатысында тұр.

– Көпсалалы спорт сарайы 17 залдармен және қосалқы бөлмелерден жабдықталатын болады. Негізгі блокта 3124 көрерменге арналған стендтері бар әмбебап спорт залы орналасады. Бұл алаңда шағын футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, концерттер мен ойын-сауық іс-шаралары бойынша ірі жарыстар өткізуге мүмкіндік болады. Технологиялық тұрғыдан объект дербес функционалдық аймақтарға бөлінетін болады, бұл бір мезгілде бірнеше іс — шараларды өткізуге мүмкіндік береді,-деп мәлімдеді Сәтжан Аблалиев құрылыс саласындағы инвестициялық жобалар бойынша онлайн-турда.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Петропавлда Александр Винокуров атындағы спорт сарайы жұмыс істейді. Сәтжан Аблалиевтің мәліметінше, соңғы бес жылда облыс аудандарында сегіз дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен жеті жабық хоккей корты салынды. Тағы төрт фок және екі корт салынуда.

– UEFA стандарттарының барлық нормалары мен өлшемдеріне сәйкес футбол матчтарын өткізу үшін Петропавлдағы «Қарасай» стадионын қайта құру қажеттілігі туындады. Қайта құру жобасы әзірленіп, мердігер анықталды. Жобада футбол алаңын жылыту және автоматты суару, жарықтандыруды, дыбыстық жабдықты және электрондық таблоды орнату көзделген, — деп толықтырды Сәтжан Аблалиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz