Алдын ала болжам бойынша, балық қыста ауа жетпегендіктен тұншығып қалған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Оқыс оқиға бұл жолы Тайынша ауданындағы Теңдік ауылының маңындағы көлде болған. Қырылған балықтың видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті.
-Шағалалы өзенінде балық қырылды. Өзен жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізіміне енгізілмеген. Мүдделі мемлекеттік органдар мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына барды. Өзен тексеріліп, су мен өлі балықтан сынама алынды, — деді экология департаментінде.
Болжам бойынша балық қыста қырылған, мұз ерігесін жағаға шығып қалған. Шағалалы өзенінінің тереңдігі небары 1-1, 5 метр ғана.