Солтүстік Қазақстан облысында минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға 11 млрд, пестицидтерге 14 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңестің отырысында айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев биыл минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға 6,5 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. Ведомство 273 агроқұрылымнан барлық сомаға 733 өтінім алған. Бұл ретте бюджеттің 51% — ы 2021 жылы сатып алынған тыңайтқыштар үшін шығындарды өтеуге жұмсалады.
— Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен тыңайтқыштар құнын субсидиялауға республикалық бюджеттен қосымша 4,7 млрд теңге бөлінеді. Қаражат басқарма шотына түскеннен кейін өтінімдерді қабылдау қайта басталады, — деді Мейрам Меңдібаев.
Биыл пестицидтерді субсидиялауға 9,9 млрд теңге бағытталып, қосымша 4,3 млрд теңге бөлінеді. Өтінімдер 2022 жылға арналған субсидиялау нормативтері бойынша қаулы бекітілгеннен кейін қабылданады.