СҚО-дағы «Жаңажол» бекетінде заңсыз тауар айналымының жолы кесілді

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күшейтілген режімде күзетуді қамтамасыз етуге бағытталған жедел, ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін өткізуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері қазақстандық шекара арқылы 1 млрд. 390 млн. теңгеден астам сомаға халық тұтынатын тауарларды, автомобиль бөлшектерін, темекі бұйымдарын және басқа да тауарларды заңсыз тасымалдаудың 143 фактісі анықталды.Солтүстік Қазақстан облысындағы «Жаңажол» және Жамбыл облысындағы «Қордай» өткізу пункттерінде 160 млн. теңгеден астам сомаға автокөлік бөлшектері мен электрондық темекілерді заңсыз алып өту әрекеттерінің жолы кесілді. Бүгінгі таңда барлық фактілер бойынша уәкілетті органдар сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізуде.

Өткізу режімін жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 2023 жылғы 16 қаңтардан бастап Астана қаласының әуежайында шекараны кесіп өтетін қазақстандық азаматтарды тексеруді және есепке алуды жүзеге асыратын «Q-Gate» автоматтандырылған шекаралық бақылау жүйесі пайдалануға берілгенін айта кеткен жөн. «Q-Gate» шекаралық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжат деректерін тексеруді жүзеге асырады және бұзушылықтар болмаған жағдайда оларды өз дерекқорында автоматты түрде тіркейді. Аталған процедураны Қазақстан Республикасы азаматы өз бетімен төлқұжатын «Q-Gate» жүйесіне сканеріне қояды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz