Киберқылмыскерлер Петропавл тұрғынын 10 миллион теңгеге алдап соқты

Авторы: Qyzyljar News

Бұл жыл басынан бері өңірде тіркелген ең ірі алаяқтық фактісі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Алаяқ өзін банк менеджерімін деп таныстырып, жәбірленушінің атына ірі көлемдегі несиенің рәсімделгені туралы хабарлаған. Сенбегесін қауіпсіздік қызметінің өкілі болып қоңырау шалған,

Екінші қоңырау WhatsApp-тан келген. Қылмыскерлер: бөтен біреу есепшотыңызға қол сұқпас үшін ірі сомада несие алып, ақшаны «қосымша шотқа» жіберу қажет,-деп алдаған. Жәбірленуші интернет-алаяқтық туралы бұрыннан білген. Алайда, қоңырау шалушы ресми тілде сөйлеп, сеніміне кірген. Оның үстіне бұл іске банк қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін екен деп, күдігін сейілткен. Банктің қауіпсіздік қызметі тергеу жүргізіп жатқанын айтып, банкке барғанда, «қылмыскерлерді үркітіп алмау үшін» ешкімге ештеңе айтудың қажеті жоқ деген. Петропавлдық бұған сеніп қалып, бар талапты орындайды.

Банкке барып, 4,5 миллион теңгеге несие рәсімдеп,өзінің жинаған қаражатымен қоса, алған ақшаны шотқа аударған. Бұдан кейін кибералаяқтар осы әрекетті басқа мекемеде қайталауға көндірген. Жәбірленуші бірнеше күннен кейін ғана алаяқтардың құрығына түскенін түсініп, полицияға жүгінген.

 

-Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Шығын сомасы шамамен 10 миллион теңгеге жуық. Бұл жыл басынан СҚО-да тіркелген ең ірі алаяқтық фактісі. Адамдарды қандай жағдай болмасын «банктен түскен қоңырауларға» сенбеуді ескертеміз. Егер қаражатыңыздың сақтығына қатысты күмән туындаса, банкке барып, көз жеткізуіңіз керек, — дейді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.
Облыста 3 айдың ішінде 214 интернет-алаяқтық тіркелді. Оның 40-ы жоғарыдағы сценарий бойынша жасалған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz