СҚО-дағы 16 елді мекеннің тұрғындары сапалы ауыз суға мұқтаж

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Әсет Жұматаев өңірдегі 16 ауылдың тұрғындары су тасып ішуге мәжбүр екенін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мониторинг барысында 1858 ауыз су сынамасы бактериологиялық көрсеткіштерге зерттелді. Нәтижесінде, оның 22-сі нормаларға сәйкес келмеді. Санитарлық-химиялық көрсеткіштерге арналған 1391 сынаманың 53-і жалпы қаттылық бойынша талапқа сай емес. Облыстың 357 елді мекенінде тұрғындар тіршілік көзін құбырдан, 263 — і орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінен алса, 16 ауылға су басқа жақтан жеткізіледі.
Жалпы облыс бойынша сапалы сумен қамту 88 пайызды құрайды. Республика бойынша бұл көрсеткіш 95,4 пайыз.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz