Биыл Солтүстік Қазақстан облысына 2,6 мыңнан астам адам көшіп келмек

Авторы: Qyzyljar News

Біздің облысқа 5 жыл ішінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша еліміздің жұмыс күші басым өңірлерінен 9 мыңнан астам адам көшіп келді. Қоныс аударушылардың 94% — ы өңірде тұрақтап қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ринат Елжасовтың айтуынша, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан келген 2700 отбасы өңірдің 225 елді мекеніне орналасты.

2016 жылдан бері облысқа ҚХР, Өзбекстан, Ресей және Моңғолия, Иран, Ауғанстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Украинадан 436 отбасы, яғни 850 адам көшіп келген. Жұмыспен қамту органдарына 229 отбасы өтініш білдірген екен, олар квотаға енгізіліп, көшуге және тұрғын үйді жалдау немесе сатып алу шығындарын өтеуге субсидиялар төленді.

— Биыл азаматтарды көшіру «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде жалғасады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2685 адамға квота бекітті. Облыс әкімі қоныс аударушылар мен қандастарды тарту, оларды әлеуметтік бейімдеу жөніндегі жол картасын бекітіп, қоныс аударушыларды қабылдау және тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін елді мекендерді бағалау өлшемшарттары және қоныс аударатын азаматтарға арналған жадынама әзірленді, — деді Ринат Елжасов.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz