СҚО-да былтыр аурудан қайтқандар 2 есеге көбейді

Авторы: Qyzyljar News

Былтыр СҚО-да 8469 адам қайтыс болды. Бұл республикалық көрсеткіштен екі есе көп. Солтүстікқазақстандық дәрігерлер өлім-жітімге әкелген негізгі себептерді атады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Аймановтың айтуынша, былтыр облыста 8469 тұрғын көз жұмды. 2020 –сыншы жылмен салыстырғанда 13,4 %-ға артқан.

-Былтыр тыныс алу органдарының ауруларынан 1841 адам қайтыс болды. 2020 жылмен салыстырғанда 350 адамға өскен. Бұған — коронавирус инфекциясы да себеп болды. Қан айналу жүйесінің ауруларынан 1171 тұрғын көз жұмды,  2020 жылмен салыстырғанда 65 адамға көп, әсіресе облыстың 11 ауданында өлім-жітім көбейді. Ал 606 адам ас қорыту органдарының ауруларынан дүниеден өткен. Көрсеткіш оның  алдындағы жылдан 69-ға аз. Онкологиялық аурулардан қайтқандардың саны 2020-сыншы жылмен шамалас, 561 адам қайтыс болды. Түрлі жарақат пен уланудан 520 тұрғын көз жұмған. Мұнда да төмендеу байқалады, — дейді Нұрлан Айманов.

Сондай-ақ, коронавирустың салдарынан 437 солтүстікқазақстандық марқұм болды.

-СҚО қартаю индексі бойынша республикада бірінші орында, республика бойынша 26,1 болса, Солтүстік Қазақстанда — 62,1. Егде жастағы адамдардың көпшілігінде әдетте түрлі созылмалы аурулар бар, бұл коронавирус инфекциясымен ауырған кезде өлім-жітімнің өсуіне тікелей әсер етті. Қайтыс болғандардың 78 %-дан астамы – егде жастағылар, — дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz