Петропавл әкімдігі 1 миллиард теңгеге 53 пәтер сатып алуды жоспарлап отыр

Авторы: Qyzyljar News

Мемлекеттік сатып алу сайтында Петропавлда 53 пәтер сатып алу туралы лот пайда болды. Қала әкімшілігі тұрғын үйді салушылардан сатып алады. Кейін дәл сол жердегі ескі баспаналарда тұрған қалалықтарды жаңа нысандарға орналастырады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тапсырыс беруші – «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Лоттың атауы-пәтер, қосымша сипаттамасында -55,1 ш. м-ден 60 ш. м-ге дейін пәтер сатып алынады, жоспарлы сомасы-21,8 млн теңге деп көрсетілген. Бұл хабарландыруда бұдан жалпы аумағы әртүрлі тағы 52 пәтер көрсетілген. Олардың жалпы құны 1 001 830 000 теңге деп көрсетілген. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 26 маусымда аяқталады.

Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz