386
Сергеев су қоймасында бір тәулік ішінде су 10 сантиметрге көтерілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» облыстық филиалының мәліметінше, Есіл өзенінің Сергеевка қаласы тұсында су деңгейі бір тәулік ішінде 39 сантиметрге, Покровкада 11 сантиметрге көтерілген.
Бүгінде Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 830 сантиметрге жетті. Ал Петропавлда – 692 сантиметр.