Петропавлда газ баллоны жарылып, ер адам қаза тапты

Авторы: Qyzyljar News
  1. Кеше Петропавлдағы Косогор ықшам ауданындағы тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сәуірдің 21-ікүні кешкі 21-14-те төтенше жағдайлар департаментіне Колхозный Косогор көшесіндегі 33-ші үй өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 9 минутта жетіп, отты ауыздықтауға кірісті.

Өртсөндірушілер келгенге дейін газ баллоны жарылған. Салдарынан, үйдің күл-талқаны шығып, моншаның шатыры мен қабырғасы жанып кетті. Бұдан бөлек, көрші жазғы үй де өртенген. Оқиға орнынан 60 жастағы ер адамның күйік шалған мәйіті табылды. Өрттің жалпы аумағы 108 шаршы метрді құрады.

Өрт 22 сағат 23 минутта толығымен сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің себептері мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz