Пасха, Иса пайғамбардың қайта тірілу мерекесі – православ дініндегі христиандар үшін басты, негізгі мерекелерінің бірі. Діни мейрам бүгін 24-сәуір күні тойлануда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов солтүстікқазақстандық православтарды шіркеу күнтізбесінің ең қастерлі және қуанышты мерекесімен құттықтады.
— Облысымыздың барлық православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге бейбітшілік, жақсылық, жан тыныштығы мен амандық тілеймін. Үйлеріңізде әрдайым береке, денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз жемісті болсын! Сіздерге және отбасыларыңызға бақыт тілеймін, деп жазды облыс әкімі.