Қазақстанның солтүстік өңірлеріне квота бойынша 6,5 мыңнан астам адам қоныс аударады

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы әзірленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, тұжырымдамада көші-қон процестерін реттеуге бағытталған бірнеше іс-шара қарастырылған. Оңтүстік өңірлерден солтүстікке жұмыс күшін тартқан кәсіпорындардың шығындарын өтеу, облысішілік және өңіраралық қоныс аударуды ынталандыру, түрлі себептермен өмір сүруге қолайсыз елді мекендердің тұрғындарына көшуге жәрдемдесу, қоныс аударушыларға ауыл шаруашылығымен айналысу үшін жер учаскелерін беру, солтүстік өңірлерге қоныс аударған қандастарға азаматтық алғаннан кейін тұрғын үйге кезегін сақтау секілді жеңілдіктер қарастырылған.

-«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру арқылы 2026 жылға дейін солтүстікке қоныс аударған адамдарды жұмыспен қамту деңгейін 87 пайызға дейін жеткізу көзделген. Инфрақұрылымдық жобаларды еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үшін оңтүстік аймақтардан 35 мың адамды тарту жоспарланды. Еңбек күші тапшы өңірлерді қолдау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушылардың квотасын бекітеді. Биылғы жылы квота 6587 адамды құрады, − деді Ералы Тоғжанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz