Жекекөл мен Пестрое көлдерінде де балық қырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында экологтар Петропавл қаласының оңтүстік шетінде орналасқан Пестрое көлінде мөңке балығының қырылғанын анықтады.
-Оқиға орнына облыстық экология департаменті, Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы шықты. Зертханалық талдау жүргізу мақсатында көл тексерілді. Су сынамалары мен өлі балықтың қаңқасы алынды,-деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Тағы бір факті Жамбыл ауданы Благовещенка ауылының жанындағы Жекекөлде тіркелген. Жұмыс тобы балықтардың қырылу себебін анықтап, зертханалық талдау жүргізу үшін ауданға аттанды.
Pexels иллюстрациялық фотосы