Петропавлда кене мен масаға қарсы дәрілеу жұмыстары басталды

Авторы: Qyzyljar News

Облыс орталығындағы саябақтар мен скверлерде кене, маса секілді қансорғыштарға қарсы дәрілеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдік өкілдерінің мәліметінше, биыл Петропавлда 600 гектар аумақта дезинсекция жүрзілмек. Сәуірдің 23-і «Topdez» ЖШС-і жоспарланған жұмысты бастап кетті.

— Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша «Topdez» ЖШС кәсіпорнымен 1,85 млн теңге сомасына келісім-шарт жасалды. Аумақтар «Онтюгап» препараты себіледі. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дезинсекция таңғы сағат 4-тен бастап жүргізілуде. Адамдар көп жиналатын демалыс орындары мен орман алқаптарына басымдық беріледі, — деді қалалық әкімдік өкілдері.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz