Сәуірдің 23-і күндізгі сағат 2 кезінде «Челябі-Новосібір» автожолындағы жол-көлік апатынан 17 жастағы колледж студенті мерт болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
23-сәуір күні «Челябі-Новосібір» автожолының 557-шақырымында «ГАЗ-А65R52» маркалы көлік жол апатына ұшырады. Салдарынан 2005 жылы туған бойжеткен оқиға орнында көз жұмды. 5 адам түрлі дене жарақатын алып, медициналық мекемелерге жеткізілді.
-Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқарған адамдардың жолда жүру немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу жұмыстары барысында полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтайтын болады. Қажетті сараптамалар тағайындалды,-деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Фото: ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігінен