«Miras» қоғамдық кеңесінің мүшелері: Петропавлда Әдебиет музейін ашу керек

Авторы: Qyzyljar News

Ғабит Мүсірепов және Сәбит Мұқанов мұражайларының жағдайы мүшкіл. Сөрелердегі құнды жәдігерлер күтім көрмей, сарғайып, бүлінудің аз-ақ алдында тұр. Оның үстіне облыс орталығынан шалғайда орналасқан музейге келушілер де аз. Бұл мәселе «AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облысық филиалы жанындағы «Miras» қоғамдық кеңесінің отырысында талқыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тарихи жәдігерлерді сақтап қалу үшін «Miras» қоғамдық кеңесінің мүшелері Петропавлда Әдебиет музейін ашып, Ғабит Мүсірепов және Сәбит Мұқанов мұражайындағы жәдігерлерді және жалпы барлық жерлес ақын-жазушылардың жеке заттарын бір жерге орналастыруды ұсынды. Бұл Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы аяқталып, ескісі босағаннан соң мүмкін болмақ. Сонымен қатар, кеңес мүшелері мерейтой иелеріне Петропавлдан көше атын беру қажеттігін айтты. Бүгінде облыс орталығындағы көше атауларын ауыстыру туралы 40-тан астам ұсыныс бар. Бұл — қалалық әкімдіктің құзырындағы мәселе.

Биыл Жамбыл ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесіне Сафуан Шаймерденовтің, Шал ақын ауданы Сергеевка қаласындағы қазақ орта мектебіне Кәкімбек Салықовтың есімін беру бойынша жұмыстар қолға алынған. Наурыз айында өткен ономастика комиссиясының кезекті отрысында осы ұсыныстар қаралып, республикалық ономастика комиссиясына жолданды.

Қоғам белсенділері соңғы кезде есімдері ұмытылып бара жатқан солтүстікқазақстандық көрнекті тұлғалардың мерейтойларын да атаусыз қалдырмауды ұсынды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz