489
Теріскейлік оқушылар жекпе-жек ұлттық спорт түрінен өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Азия және әлем чемпионатына іріктеу жарыстары сәуірдің 20-24 аралығында өтті. Дүбірлі додаға 500-ге жуық спортшы қатысты. Қызылжар өңірінің намысын 11 жасөспірім қорғап, үздік нәтиже көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша қарсылас шақ келтірмеген Құрмет Түлебаев пен Диас Смаилов чемпион атанды.