Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры Ақтөбе қаласында өткен V Халықаралық «Балауса» экспериментальды спектакльдер фестивалінде «Үздік актерлік ансамбль» номинациясымен марапатталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстікқазақстандық актерлер фестивальде Бранислав Нушичтың «Қарапайым адам» комедиясын сахналады. Көрсеткен өнері үшін театр ұжымына 200 мың теңгенің сертификаты табысталды.
Жалпы сайысқа республиканың түкпір-түкпірінен жиналған 8 театр ұжымы қатысып, «Үздік қойылым», «Үздік режиссерлық жұмыс», «Үздік сценография», «Үздік ер адам ролі», «Үздік әйел адам ролі», «Үздік актерлық ансамбль», «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинацияларымен марапатталды.