«Урал» мотоциклының өндірісі Петропавлға көшірілуі мүмкін

Авторы: Qyzyljar News

Бұрын Ресейдің Свердлов облысында шығарылатын мотоциклдер енді Петропавлда құрастырылуы мүмкін, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі, Autonews.ru-ға сілтеме жасап.

Ауыр мотоцикл шығарумен айналысатын «Ural Motorcycles» компаниясы өндірісті Ресейден Қазақстанға көшіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның бас директоры Илья Хаит YouTube арнасына жарияланған бейнероликте мәлімдеді.

Соңғы оқиғаларға байланысты Ресейге түрлі санкциялар салынғаны мәлім. Соның салдарынан шет елдерге экспорттау мен қажетті бөлшектерді сатып алу мүмкін болмай отыр. «Ural» мотоциклдерінің басым бөлігі батыс елдеріне, соның ішінде АҚШ-қа жеткізіледі. Сол себепті өндіріс ошағы біздің қалаға көшірілмек. Директордың айтуынша, компания бұрынғы кәсіпорындағы жұмысшылардың бір бөлігін қысқартып, Петропавлдан жаңа қызметкерлерді іздеуге мәжбүр.

СҚО әкімдігінде шетелдік кәсіпорын өкілдері Петропавлда болып, кәсіпкерлермен кездескенін растады.

-Ресейлік кәсіпорын мамандары өндіріс ошағына арналған алаңдарды аралап, жалға берушілермен келіссөздер жүргізді. Мемлекеттік органдармен кездескен жоқ, мемлекеттік қолдаулар туралы да сөз болған жоқ. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысы шетелдік инвесторлар үшін әрдайым ашық, «Qyzyljar» еркін экономикалық аймағында жұмыс істейтін болса, ұсыныстар қаралады, — деп хабарлады СҚО әкімінің баспасөз хатшысы Тимур Абдреш.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz