300-ден астам солтүстікқазақстандық малын қараусыз қалдырғаны үшін жауапқа тартылды

Авторы: Qyzyljar News

Жыл басынан бері облыста қараусыз қалған 1,1 мыңнан мал астам арнайы «айыппұл тұрағына» қамалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі малды еркін қоя берген адамдарға қатысты 2020 жылы әкімшілік жауапкершілік енгізілгенін еске салады.

— Учаскелік инспекторлар тұрғындармен кездесу барысында малды қараусыз, емін-еркін жіберуге болмайтынын ескертеді. Егер де далада иесіз жүрген мал болса, онда арнайы қораларға қамалады. Облыста 230 «айып тұрағы» бар. Иесі анықталғанша дейін босатылмайды. Жыл басынан бері 320 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Биыл облыс жолдарында қараусыз жүрген малдың кесірінен 3 көлік апаты тіркелді. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін жолдың қауіпті деген учаскелеріне жылқы мен сиырдың 27 макеті орнатылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz