Жергілікті «Қазгидромет» РМК филиалының мамандары Сергеев гидроторабындағы су деңгейі көтеріліп жатқанын баяндады. Соңғы тәулікте 3 см-ге жоғарылаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бүгінде Сергеев су қоймасындағы су деңгейі — 846 см, көлемі – 748 млн текше метр. Бөгеттен асқан судың биіктігі 46 см-ге жетті. Судың ағу жылдамдығы секундына 167 текше метрге дейін өсті. Дегенмен, былтырғыдай арнасынан асып төгілу қаупі аз. Жалпы, Есіл өзенінде гидробекеттердің салдарынан су 3-тен 52 см-ге дейін көтерілді.
Петропавлда бөгеттің төменгі деңгейінде су 40 см-ге көтерілді. Долматово ауылындағы трансшекаралық бекеттегі судың 52 см-ге төмендегені белгілі болды. Үлкен Тораңғұл көлінде бірнеше күнен бері су деңгейі өзгеріссіз тұр.
Фото: СҚО әкімдігінен