«Алтын белгіден» үміткерлер қорытынды емтиханды Назарбаев зияткерлік мектебінде тапсырады

Авторы: Qyzyljar News

Биылдан бастап «Алтын белгіден» үміткерлер математика пәні бойынша қорытынды емтиханды Назарбаев зияткерлік мектебі базасында тапсырады. Білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Шолпан Қаринова түлектер арасында «Алтын белгі» иегерлерін анықтаудың жаңа тәртібі туралы айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оқушылар бұған дейін де, биыл да қорытынды сынақ кезінде 5 пән бойынша емтихан тапсырады.

-Пәндердің саны мен тапсырмалар өзгерген жоқ, талап бұрынғыдай. Биылдан бастап «Алтын белгіден» үміткерлер математика пәні бойынша емтиханды Назарбаев зияткерлік мектеп базасында тапсырады. Үміткер өзінің мектепте алған білімін дәлелдеуі керек, — деді білім министрінің бірінші орынбасары.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz