Жаңа қоғамдық қозғалыс өзекті проблемаларды бірлесіп шешу үшін Қазақстанның экологтары мен қоғам қайраткерлерінің басын бір арнаға тоғыстыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Алматыда «Қоршаған ортаға қамқорлық өзіңнен басталады» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Жиында айта-айта жауыр болған экология проблемалары талқыланып, «Жер-ана» жаңа қоғамдық қозғалысы құрылғаны туралы айтылды. Жоба «S5 ECOCUP company» ЖШС директоры Сапаркүл Рабаеваның бастамасымен құрылып отыр.
— Біз қоғамдық қозғалыс ашу арқылы қоршаған ортаның басты проблемаларын билікке жеткізгіміз келеді. Қазақстанда дәл осы сала бойынша жұмыс істеп жатқан әрбір ұйымның өз ерекшелігі бар. Біздің басты мақсатымыз — қоршаған орта мәселелерін шешу үшін еңбек етіп жүрген жандарға көмектесу. Сондықтан барлық экобелсенділер мен табиғатқа немқұрайды қарамайтын азаматтарды бізге қосылуға шақырамыз, – дейді Сапаркүл Рабаева.
Фото: orda.kz