Петропавлда тұрғын үй кезегінде тұрған жетім балаларды кезектен алып тастаған

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың халықтың әлеуметтік осал топтарына баспана беру туралы заңнамасын қаншалықты сақтайтынын тексерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қадағалау органының мәліметінше, әлеуметтік осал топтағы адамдардың кезектен заңсыз алынып тасталғаны анықталды.

— «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтарға баспана беріледі. Оған қол жеткізу үшін тұрғындар қажетті құжаттарын жинап, кезекке тұрады. Алайда, жергілікті атқарушы орган өкілдері тұрғын үй алу кезегінде тұрған ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды заңсыз алып тастаған. Прокурорлардың ықпалымен 49 баланың кезегі қалпына келтірілді. Бұл мәселе – прокурорлардың жіті бақылауында,- деді прокуратура өкілдері.

Биыл Петропавлда 120 пәтердің кілті жетім балаларға берілуі тиіс.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz