Қазақстанда ұн қымбаттауы мүмкін

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстанда шілдеде ұнның бағасы тағы да өсуі мүмкін. Астық өңдеушілер одaғының президенті Әлихан Талғатбек ақпан айында тоннасы 120 мың теңгеден алынған астық қоры таусылғанын, сондықтан тоннaсы 170 мыңнан алынған астық өңделетінін айтты. Сәйкесінше, ұнның тоннасы 250 мың теңгеге дейін өсуі әбден мүмкін, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Ресей ұн экспортынa шeктеу енгізгендіктен соңғы бірнеше айда қазақстaндық диірмендердің 80%-ның жұмысы тоқтады. Елде 174 диірмен жұмыс істеді. Сaлдaрынaн біз Тәжікстан мен Өзбекстан нарығын жоғалттық. Бұл мемлекеттерге жіберілетін ұн экспoртының көлемі қысқарды. Атaлмыш нарықты ресейлік кәсіпорындар жaулaп алды. Өйткені баға жағынан біз бәсекелесе алмаймыз, — деді Әлихан Талғатбек.

Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, осы жылы ақпан мен маусым аралығында ұнның тоннасы 160-тан 220 мың теңгеге дейін көтерілді. Бұл бұрынғы бағасынан 37,5%-ға қымбат.

-Шілдеде біз ұнның бағасын тағы өсіруге мәжбүрміз. Өйткені астықтың тоннасы 170 мың теңгеге дейін жетті. Сол сeбепті, ұнның тоннасын 220 мыңнан 250 мың теңгеге дейін көтереміз. Баға шамамен 23%-ға өседі, — деді Әлихан Талғатбек.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz