Қазақстанда 7-мамыр Отан қорғаушы күніне орай «Қайсар» республикалық әскери-патриоттық спартакиадасы басталды. Бұл сайысқа солтүстікқазақстандық оқушылар да белсене қатысуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі, petropavltv.kz-ке сілтеме жасай отыра.
Спартакиаданың ашылу салтанаты «Қарасай» стадионында өтті. Жарысқа 15-16 жастағы балалар қатысып, жүгіру және жүзуден өзара бақ сынайды. «Jas Otan» жастар қанаты филиалының төрағасы Біржан Құдайбергеновтің айтуынша, іс-шара патриоттық рухты оятып, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған.
– Спартакиадаға қала мектептерінің оқушылары қатысуда. Биыл алғаш рет өткізіліп тұрғандықтан, командалар әзірге аздау. Дегенмен, келесі жылы бұдан да көп оқушы қатысады деген үміттеміз. Іріктеу турының қорытындысы бойынша үздік атанған команда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық турнирге жолдама алады,-деді «AMANAT» партиясы жанындағы «JAS OTAN» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Біржан Құдайбергенов.