Солтүстікқазақстандықтардың шығыны көбейіп барады

Авторы: Qyzyljar News

Ұлттық статистика бюросы департаментінің мәліметінше, өңірдің әр тұрғыны ай сайын орта есеппен 76,6 мың теңге жұмсайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Былтыр солтүстікқазақстандықтардың шығыны одан алдыңғы жылмен салыстырғанда 15% — ға өскен. Оның 90% — ға жуығы тұтыну шығындары. Қалған қаржы материалдық көмекке, алиментке, несие мен қарыз, салықтарды өтеуге тиесілі. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, облыста әсіресе азық-түлікке ақша көп жұмсалады, бұл жалпы шығынның 46%-ы.

Тұрғындар ет пен ет өнімдерін сатып алу үшін көп шығынға батады. Ал нан мен жарма екінші орында. Азық-түлік сатып алуда қалалықтар мен ауылдағы ағайынның арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Петропавл тұрғындары ет пен сүт өнімдерін көбірек алады. Ал нан, жарма, қант пен кондитерлік өнімдері сатып алу бойынша – елді мекендер алда.

Азық – түлік емес тауарлардың ішінде киім-кешек пен аяқ киім көп шығынды талап етеді, оған 23% — ы тиесілі. Қызметтерге ақы төлеу бойынша тұрғын үй-коммуналдық саласына, көлік пен байланысқа, денсаулық сақтау саласына көбірек ақша кетеді.

Мәдени іс-шараларға тұрғындар көп шығындала қоймайды. Көрсеткіш 2% — дан аспайды. Қала халқының ақылы қызметтерге жұмсайтын қаражаты шығыстары ауылдағылардан 1,8 есе көп.

Фото: ашық дереккөзден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz