Петропавл қаласының 75 жастағы тұрғыны «Ресейде тұратын туысыңмын», деп телефон арқылы хабарласқан алаяққа 1,5 евроны ұстатып қоя жіберген. Оқиға сәуірдің басында болған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
5-інші сәуірде телефон арқылы қоңырау шалған алаяқ, шекараның жабық болуына байланысты өзі келе алмайтынын, бірақ ақшадан қысылып тұрғанын айтқан. Сеніп қалған қарияға жақын «досы» келіп әкететінін жеткізген. Осылайша 700 мың теңгеге жуық валютаны өз қолымен берген. Алданғанын кеш біліп, полицияға арыз жазғанымен, ақшасынын күдер үзіп қойған екен.
2-нші қалалық полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықовтың айтуынша, күдікті бұрын бірнеше рет істі болған 39 жастағы Қарағанды тұрғыны болып шықты, Петропавлға жеке шаруасымен келген. Ол жедел іздестіру кезінде ұсталды. Полицейлер қала тұрғындарын сақ болуды, телефонмен сөйлескенде әсіресе, ақша туралы сөз қозғалса, бірден банкке хабарласу немесе туысына қайта қоңырау шалып, көз жеткізу керегін ескертеді.
Фото: ашық дереккөздерден