Петропавл қалалық көпбейінді ауруханасында жаңа томограф іске қосылды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен  Петропавл қалалық көпбейінді  ауруханасында жаңа компьютерлік томограф іске қосылды, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz  тілшісі.

Өңір басшысының айтуынша, облыста 5 жыл ішінде халықты компьютерлік томографпен қамту 2,5 есеге өсті. Егер 2017 жылы облыс бойынша 12,5 мың зерттеу жүргізілсе, өткен жылы 30 мыңға жетті. Осы уақыт аралығында 2 есе көбейді, яғни  4 медициналық құрылғы сатып алынып, қазіргі күні  8-і жұмыс істеп тұр.

— Бүгін көпбейінді қалалық ауруханада жаңа компьютерлік томограф іске қосылды. Бұл медициналық мекемеге алынған жалғыз қондырғы емес, 2 жыл ішінде   1,6 миллиард теңгеге жаңа медициналық техника сатып алынды. Енді ауруханаға МРТ аппаратын орнатуды жоспарлап отырмыз. Сондай — ақ, биыл облыстық балалар ауруханасына жаңа МРТ аппараты сатып алынады, — деді Құмар Ақсақалов.

Облыс әкімі  жоғары дәлдіктегі жабдықтардың арқасында барынша көп адамды қабылдап,   ауруларды ерте сатысында анықтауға және пациенттердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мәселен, облыс бойынша туберкулезбен ауыру 2 есеге, онкологиядан өлім-жітім 24% — ға төмендеді.  Әйелдер  онкологиясын да ерте кезеңде анықтау мүмкіндігі артты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz