Айыртау ауданындағы Құспек көлінде балықтың қырылғаны туралы ақпаратты балық инспекциясы растады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, мамандар оқиға орнына жеткенше көлді жалға алушы жағаға шығып қалған 100 келі балықты өртеген.
-Көлді жалға алушы 2021 жылы ақ балық тұқымдастарын жіберген, қыста оттегімен байытуы үшін аэрация жүргізілді. Су айдынындағы жағдай ұдайы бақылауда, — дейді СҚО балық инспекциясы мамандары.
Фото ашық дереккөздерден.