Сәуірдің 30-ы, сағат 10-00 –де табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы «Бірге – таза Қазақстан» іс-шарасы аясында «Ағаш отырғыз» экологиялық акциясын өткізеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Мемлекеттік орман қоры аумағына енген Мещан орманының Борки айналма жолы маңы ағаш отырғызатын жер ретінде таңдалды. Көшеттер мен қажетті құрал-саймандар беріледі. Мамандармен бірге қоршаған ортаны көркейтуге атсалысуға шақырамыз, делінген басқарма таратқан хабарламада.
Pexels Иллюстрациялық фотосы