Облыс аумағында 25 сәуірден бастап тіркелмеген қару, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізілуде. Шараның мақсаты — қоғамдық қауіпсіздікті нығайтып, қылмыстардың алдын алу, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
3 күн ішінде аумақтық ішкі істер органдарына 19 солтүстікқазақстандық 21 қаруды тапсыру үшін өтініш жазған.
-Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған азаматтарға техникалық жағдайына қарап, әрқайсысына 10-нан 100 АЕК-ке дейінгі сомада төлем қарастырылған, — деп хабарлады СҚО полиция департаменті.
Айта кетейік, қаруды заңсыз сақтаған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен