Биыл Петропавлда ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін 119 нысан бейімделеді

Авторы: Qyzyljar News

Биыл Петропавлда 119 нысан мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Нысандардың жартысына жуығы — мемлекеттік мекемелер. Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс жайында есеп берілді. Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Юлия Біржанованың айтуынша, 2021-2025 жылдарды қамтитын жоспар бар. Құжат бойынша осы аралықта 544 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін оңтайландырылуы қажет.

-Былтыр102 нысан мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделді. Биыл 119 нысанда осындай жұмыстар жүргізілуі тиіс. Оның 64-і – мемлекеттік мекемелер. Соның ішінде 53-і – білім беру, 6-уы – мәдениет және спорт нысаны, 4 – аумақтық мемлекеттік мекеме және біреуі денсаулық сақтау нысаны. Жұмыс қыркүйек айына дейін аяқталуы тиіс. Қазіргі уақытта нысандардың 24-і бейімделді, — дейді Юлия Біржанова.

Маманның айтуынша, тек білім нысандарын мүгедектігі бар адамдарға ыңғайлы етудің өзіне 37 млн. теңге керек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz