СҚО-да қызмет көрсету сапасына көңілі толмайтын тұтынушылар көбейіп барады

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында қызмет көрсету сапасына көңілі толмайтын және кәсіпкерлердің арбауына түсіп қалған тұтынушылардан түсетін шағымдар 2 есеге көбейді.  Мәселен, 2020-сыншы  жылы облыстық  тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне 216 өтініш түссе, былтыр  425 адам арызданған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мамандарының көмегімен тұрғындарға 4,5 миллион теңге қайтарылған.

Петропавлда белгісіз саудагерлер зейнеткерлерге «кез-келген аурудан  емдейді» деген сылтаумен массаж креслоларын сатқан.

-Қаладағы зейнеткерлердің бірі массажер үшін бақандай 720 600 теңге төлеген. Ақырында жарнамада көрсетілген тауардың орнына мүлдем басқасын салып жіберіпті. Сан соғып қалған тұрғын сатушылармен байланыспақ болған, алайда мұнысынан түк шықпапты. Хабарласса, тұтқаны көтермейді, ал массаж креслоларының презентациясы көрсетілген жерге барғанда сатушылардың ешқайсысы орнында болмаған көрінеді,-дейді  Солтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылар мен кәсіпкерлер құқығын қорғау қауымдастығының төрағасы Надежда Дубовая.

Надежда Дубовая мұндай алаяқтардың жолын кесу үшін құқық қорғау органдары кәсіпкерлерді қатаң бақылауға алу қажеттігін айтады. Әрі тек жеке куәлікпен рәсімделетін онлайн несиелерді мүлдем тоқтату керек дейді.

Надежда Дубоваяның айтуынша, тұтынушылардың бірқатары өз құқықтарын біле бермейді. Сондықтан онлайн саудагерлердің сөзіне иланып, опық жеп жатады.Сатушылар өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, тауарларының сапасынажауап берулері тиіс. Қатал шара қолданылатын білсе,  жәбірленушілер де азаяр еді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz