СҚО-да 4 адам өрттен қаза тапты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

29 сәуірге қараған түні  Ақжар ауданындағы  Май ауылында жеке   үй отқа оранып, 4  адам қаза тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz  тілшісі.

Өрт туралы хабарлама кезекші пультіне таңғы сағат 3-те түскен.

Ауыл ең жақын өрт сөндіру бөлімінен 53 шақырым жерде орналасқандықтан, жеткенше көп уақыт кеткен.

— Өрт сөндіру бөлімшесі қызметкерлері жектенде үй әлі өртеніп жатқан.   Олар келгенге дейін ауыл тұрғындары әйелдің денесін тауып, сыртқа шығарған.   Өртті сөндіру барысында 3 ер адамның үй иесі мен 2 қонақтың денесі табылды, – деп хабарлады  ТЖД-нің  баспасөз қызметі.

Сондай-ақ өрт сөндірушілер   газ баллонын алып шықты. Үй толық жанып кетті.  Шығу себебі мен материалдық залал анықталуда. Көршілердің айтуынша, қаза тапқандар  ішімдікке әуес болған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz