Петропавлда рұқсат етілмеген тағы 18 қоқыс орны анықталды

Авторы: Qyzyljar News

Облыс орталығында мобильді топ өкілдері тексеріс жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық қалдықтарды тастауға рұқсат етілмеген 18 орынды анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оның екеуі Береке ықшам ауданында, нақтырақ айтсақ, Гагарин, Тимирязев көшелерінде тіркелген. Жұмысшы кентінің тұрғындары қоқыс тастауға болмайтын 9 орынды тұрмыстық қалдықтармен толтырған.
20-шы мөлтек ауданда рұқсат етілмеген 5 қоқыс үйіндісі анықталды. Олар Ғ. Мүсіреповтен Я.Гашек көшелеріне дейінгі аралықта табылды.

— Қолданыстағы заңнамаға және кінәлі тұлғаларды анықтау және әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша іс-қимыл алгоритміне сәйкес рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері туралы ақпарат, тиісті шаралар қабылдау үшін СҚО полиция департаментіне және жергілікті атқарушы органға жіберілді, — деп хабарлады облыстық экология департаменті мамандары.

Айта кетейік, мобильді топ өкілдері бұған дейін сәуір айының ортасында Петропавл аумағында рұқсат етілмеген 7 қоқыс орнын анықтады.

Pexels иллюстрациялық фотосы 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz